«Точная сила» ЖШҚ сериялап тескіш құралдарды өндіреді, келесіге арналған пуансондар және матрицалар :
- құрама пресс-қайшыларға;
- тескіш басқыштарға;
- табақты металлды тесуге және шабуға, пішінге және жолаққа арналған автоматты желілерге;
- мыс және алюминиден жасалған тоқ өткізгіш шиналарды тесуге арналған жабдықтарға;
- тескіші бар илемдеу білдектерге;
- GEKA, FICEP, Voortman, Kaltenbach, Vernet-Behringer, Peddinghaus маркалы жабдықтарға.
Біз ЕурАзЭО елдеріндегі ең ірі тесуге арналған пуансондар мен матрицаларды шығаратын мамандандырылған дайындаушы болып табыламыз.
Біздің пуансондар мен матрицалар ең сәйкес келетін техникалық-экономикалық қасиеттері бар материалдардан дайындалады. Өңдеу СББ бар білдектерде автоматты режимінде жасалынады, құрал көлемді түрде шыңдалған және мәрелік өңдеу және бүркемелері болуы мүмкін, бұл оның пайдалану қасиеттерін арттырады. Саңылауының пішіні әртүрлі болуы мүмкін: дөңгелек, сопақша, тікбұрышты, дұрыс емес пішінді.
Стандартты, ең өтімді өлшемдерін біз, қоймаларда жеткілікті түрде жөнелтуге дайын күйде ұстап отырамыз.
Біз тескіш пуансондар мен матрицаларды сіздің тапсырмаңыз бойынша тапсырысқа дайындаймыз және жасаймыз. Құралдың кесу ернеулерінің пішіні және жалпы геометриясы құралдың алдына қойылған міндеттерге байланысты таңдап алынады, сонымен қатар соңғы материал және соңғы өңдеу мен бүркеу операциялары. Қиякесіктер, қиықжиектер, кілтектер, орталықтау тиектері және басқа да күрделіліктер болу мүмкіндігі бар. Нәтижесінде, сіз оның көмегімен жұмсалған теңгеге көбірек саңылау тесе алатын, немесе сіздің басқышыңызда жұмсалған қуатқа қарағанда көбірек саңылау тесуге мүмкіндігі бар құрал ала аласыз.
Біздің тескіш құралымыздың (пуансондар мен матрицалар) жоғары сапасын клиенттердің көптеген пікірлері растайды. "Точная сила" пуансондары және матрицаларымен Ресейдің ең ірі металлқұрылым зауыттары жұмыс істейді, біздің құрал ЕО-ға экспортталады.
Құралға тапсырыс беру үшін, сіздің қолайлығыңыз үшін, жай ғана сіздің жабдығыңыздың дайындаушының каталогтық кодын пайдаланыңыз. Егер сізде сызба бар болса, оны да тіркеңіз.